Получить полный доступ к нашей огромной базе рефератов на referattar.kz
Казахские рефераты
Главная

Поиск

Гостевая

Cловарь

Помощь

Контакты

Заработок
қазақша | русский
Покупаем сайты!
Глоссарий
Программы на заказ !!!
Аттестация учителей, Тесты
Рефераты на казахском
Курсовые на казахском
Дипломные на казахском
Материалы
Исходники


Логин

Пароль
Запомнить
15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы [7 бет]

15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы [7 бет]

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.Алтайдағы қырғыздар осы уақыттарда Жошы ұлысының шығысын билеген Шайбани тұқымдарының Әмір Темірге қарсы күресіне көмек көрсетіп отырған (5, 400-б).
Тарихи деректерде 1399-1400 ж.ж. Әмір Темірдің немересі Ескендірдің Моғолстанға тонаушылық жорығы кезінде Тянь-Шань маңында немесе Алтайда тұтқынға түскен Моғолстан қырғыздары туралы жазылады (3, 158-б) .
1407-1410 ж.ж. Ақ Орда билігіндегі Болат хан Ақ Орданың шығыс шекарасындағы қырғыздарды тонаушылық жорықтары үшін жазаламақ болады. Осы оқиғаға байланысты қырғыздар шығыс тарихшыларының назарына қайта ілігеді. Болат хан қырғыздарға жорық жасап, жеңіске жетіп қырғыздарды Ақ Орданың шығыс аудандарынан қуып тастайды да бұл аудандарды қорғауды барин тайпасының билеушілеріне тапсырады (2, 25-б). Осы ХҮ ғасырдың басындағы қырғыздардың Ақ Орда хандарымен күрделі қарым-қатынастары туралы мәліметтер «Манас» эпосында және «Маджму ат-тауарих» шығармасында да кездеседі. Болат, маңғыт Жаңбыршы, Сарай-Мамай сияқты Ақ Орда билеушілері қырғыздардың қарсыластары болса Тоқтамыс хан қырғыздармен одақтаса отырып

Для получения этой работы Вам нужно отправить SMS сообщение на номер 3350
с текстом dam 208209. Не забудьте поставить один пробел между dam и номером. Все буквы в сообщении латинские. Стоимость SMS 170 тенге. Пароль придет в течений 1-2 минуты на Ваш телефон в виде SMS сообщения. Введите полученный пароль в ячейку снизу и нажмите на кнопку "Ok".

Пароль   



©2008-2012 Рефераты на казахском языке, Казахские рефераты, Рефераты Казахстана, Қазақша рефераттар, Аттестация учителей, Тесты
Создание сайта - студия Riskk | Time 0.0208 | Memory 3.25MB |