Жүйке жүйесінің құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ апта
Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№ 1
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Оқушылардың даму физиологиясы пәні, даму тарихы
2.Пәннің зерттеу әдістері
3.Ләннің басқа пәндермен байланысы
4. Адамның жасының кезеңдері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оқушылардың даму физиологиясы Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Оқушылардың даму физиологиясы пәні ғылымның екі саласын қамтиды: 1. Жас ерекшелік физиологиясы. 2. Мектеп гигиенасы. Оқушылардың даму физиологиясыпәні - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізін құрайды..
Оқушылардың даму физиологиясы пәндерінің басқа ғылымдармен байланысы.
Оқушылардың даму физиологиясы пәні анатомия және физиология, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика және т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарында жинақталған мәліметтерге сүйенеді.
Оқушылардың даму физиологиясыдаму тарихы.
Жасқа байланысты анатомия мен физиология және балалар гигиенасы жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыды. Бұл тұрғыдан алғанда Н.Ф.Филатов, П.Ф.Лесгафт, К.Д.Ушинский, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, И.А.Аршавский, А.Г.Хрипкова, т.б. секілді ғалым дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады.
Оқушылардың даму физиологиясы дамуына Қазақстан ғалымдары да зор еңбек сіңірді. Физиология саласында академиктер А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, профессорлар Қ.Д.Дюсембин, А.М.Бекетаев, І.А,Бірімжанова, Х.Қ.Сәтбаева жемісті еңбек етті. Гигиена саласында профессор Б.А.Атшабаров, академик Т.Ш.Шарманов, профессор А.А.Алдашев сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Оқушылардың даму физиологиясызерттеу әдістері
Басқа ғылымдар іспетті жастық физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи тәжірбие, лабораториялық тәжірбие (эксперимент), функциялық жүктеме, антропометрия, телеметрия және т.б.
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері.
Балалар мен жасөспірімдердің организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.
Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:
өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
өсу мен даму баланың жасына байланысты;
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
өсу мен дамудың акселерациясы.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:
өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
өсу мен даму баланың жасына байланысты;
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
өсу мен дамудың акселерациясы.

2

№ 2
Дәріс

№ 3
Дәріс

№ 4
Дәріс

№ 5
Дәріс

№ 6
Дәріс

№ 7
Дәріс

№ 8-9
Дәріс

№ 10
Дәріс

№ 11
Дәріс

№ 12
Дәріс

№ 13-14
Дәріс

№ 15
Дәріс

2. Адамның жасының кезеңдері
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып, 1965 ж. адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар, философтар, генеттиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);
Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);
Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);
Бірінші балалық шақ (4-7 жас);
Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас);
Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15 ұлдар 13-16 жас);
Кәмелеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);
Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);
Егде жас (әйелдер 5-74, ерлер 60-74 жас);
Қариялар немесе кәрілік (әйелдер ме ерлерде бірдей 74-90 жас);
Ұзақ өмір сүрушілер(90 жастан әрі қарай).
Тест тапсырмалары:
1. Өсу дегеніміз ... көрсеткіш
A сапалық
В сандық
C өлшембейтін
D пропорциялық
E симметриялық
2 Даму дегеніміз ... көрсеткіш
A сапалық
В сандық
C өлшембейтін
D пропорциялық
E симметриялық
3 Антропометрия - ... әдіс
A сапалық
В сандық
C өлшембейтін
D морфологиялық
E физиологиялық
4 Физиометрия - ... әдіс
A сапалық
В сандық
C өлшембейтін
D морфологиялық
E физиологиялық
5 Телеметрия - ... әдіс
A сапалық
В сандық
C өлшембейтін
D морфологиялық
E физиологиялық

ТАҚЫРЫБЫ 2: Жүйке жүйесінің физиологиясы
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электрлік изолятор қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірмен теңеседі де, кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
Нерв клеткасының құрлысы күрделі. Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы - денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибриллдері бар.
Нейронның денесін сома деп атайды. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын аксон (грекше аксон-тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын дендрит деп атайды (дендрон-ағаш). Аксонның сыртын қоршаған миелин қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түседі.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрлым арқылы іске асады. Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сыртқы қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік, мүшелерге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер де болады.
Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады.
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі).
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі - сопақша мидың үстінде орналасқан. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады.
Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығармашылық нервтерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде - алғашқы дыбыс бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктерден және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғарғы дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары) мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Құрлысы жағынан ми сыңарларының бір-бірмен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:
Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Нейрон деген не?
A) Нерв талшықтары
B) Нерв
C) Нерв клеткалары
D) Аксон және дендрит тобы
E) Нерв клеткасының денесі
*****
Синапс деген не?
A) Нейрондардың аралық кеңістігі
B) Клеткаларды байланысқа түсіретін морфофункционалдық құрылым.
C) Нейрон аралық байланысты іске асыратын құрылым.
D) Тканьдер аралықтарын жанастыру жері
E) Мүшелер аралықтарын жанастыру жері.
*****
Қозғыштық деген не?
A) Тітіркендіруге клетканың жауап реакциясы
B) Тітіркендіруге жауап ретінде қозу тудыра алатындық қасиет
C) Тітіркендіруден жүретін биофизикалық өзгерістер
D) Тітіркендіруге жауап ретінде байқалатын химиялық өзгерістер
E) Тітіркендіруге байқалатын физика - химиялық құбылыстар.
*****
Рефлекс деген не?
A) Тітіркендіруге клетканың реакциясы
B) Организмнің активті жағдайы.
C) Нерв жүйесінің қатысуында ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіруіне организмнің қайтаратын жауап реакциясы
D) Ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіруіне нерв жүйесінің жауап реакциясы
E) Тітіркендіргіштердің әсер етуі кезіндегі орталық нерв жүйесінде байқалатын белсенді процесі.
*****
Рефлекторлық доға дегеніміз не?
A) Рефлекс тудыратын қозу импульстерінің жүретін жолы
B) Рефлексті қамтамасыз ететін нерв торы.
C) Нерв орталықтарының арасындағы байланыс
D) Синапстардың динамикалық қосылыстары
E) Нейрондар аралығындағы сақиналы байланыс
*****

ТАҚЫРЫБЫ 3:Жоғары жүйке әрекеті, оның жас ерекшеліктері
Жоғарғы жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғарғы жүйке әрекеті адам организмнің сыртқы ортамен қарым-қатыныасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
И.П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжіриесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әр түрлі шартты рефлекстері болады.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар. Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпиттіойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізгі - ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.
Шартты рефлекстердің тежелуі және жас ерекшіліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Қалыпты жағдайдағы мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сәтте организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргішітерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді. Талдау мен талқылау қабілеттері төменгі сатылы жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлында, ми бағанасында да жасалады. Дегенмен, ми қыртысы бұлардың ең басты, ең маңызды орталығы.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип (лат. динамика - қозғалыстың, әрекеттің көптігі; грек. стерео-қатты + типос - таңда, із) деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркедіргіштің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін, яғни белгілі бір жүйеге келтіруді айтады.
Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері өмірден алған тәжірбиесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлақтарын жоғары жүйке әрекетің топтары деп жинақтайды.
И.П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтары ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:
Күшті ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін сигналдар деп атады. Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін "сигналдың сигналы" деп атады. Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған. И.П. Павлов "сигналдың сигналы" қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. Жануарда тек 1-ші сигнал жүйесі бар. Кейбір құстардың (тоты құс, қараторғай) жеке сөздерді айту қабілеті және олардың мағынасын түсіну (иттерде) қабілеті сол 1-ші сигнал жүйесінің қызметіне жатады, өйткені олар сөзді қарапайым дыбыс сигналы ретінде қабылдайды. Ал адамда екі сигнал жүйесі де бар.

Рецептор деген не?
A) Атқарушы мүше
B) Орталыққа тепкіш афференттік нерв талшығы
C) Тітіркендіргіштің әсерін сезетін құрылым
D) Нерв орталығы мен атқарушы мүшенің арасындағы жалғастырушы түйін
E) Рефлекторлық доғаның соңғы түйіні
*****
Тежелу деген не?
A) Пассивті нерв процесі
B) Тітіркендіруге қайтарылатын белсенді жауап формасы
C) Нерв процесінің жиелігінің сиректеуі
D) Бұлшық еттер күшінің бәсеңдеуі
E) Шаршау формасы
*****
ОНЖ- гі тежелу құбылысын ашқан кім?
A) Ухтомский
B) Павлов
C) Введенский
D) Сеченов
E) Шеррингтон.
*****
Жұлын қандай қызмет атқарады?
A) Рефлекторлық, координациялық
B) Өткізгіштік интеграциялық
C) Рефлекторлық, өткізгіштік
D) Реттеуші және рефлекторлық
E) Интеграциялық және байланыстырушы
*****
Ми қандай бөлімдерден тұрады?
A) Рефлекторлы және өткізгіштік
B) Артқы ,ортаңғы ми, мишық, ми бағаны, алдыңғы ми
C) Сопақша ми, Вароли көпірі,артқы ми, ортаңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми
D) Артқы ми, ортаңғы ми, мишық , аралық ми, алдыңғы ми.
E) Сопақша, ортаңғы, аралық , алдыңғы, үлкен жарты шарлар, лимбиялық жүйе.
*****
Ортаңғы ми қандай негізгі қызмет атқарады?
A) Зат алмасуды реттейді.
B) Ішкі мүшелердің жұмысын реттейді
C) Көру, есту рефлекстерін жүзеге асыруға қатысады, ет тонусын реттейді
D) Фазалы қозғалыстарды жүзеге асыруға қатысады
E) Гомеостазды ұстауға жауапты
*****
Ми рефлекстері деген еңбектің авторы кім?
A) Введенский
B) Павлов
C) Шеррингтон
D) Сеченов
E) Декарт
*****
Рефлекторлық принципті ұсынған кім?
A) Павлов
B) Сеченов
C) Ухтомский
D) Декарт
E) Прохазка
*****
Шартты рефлекстер туралы ілімнің негізін салған кім?
A) Маршалл Голл
B) Иоганнес Мюллер
C) Павлов
D) Сеченов
E) Декарт
*****

ТАҚЫРЫБЫ 4: Анализаторлар. Сенсорлық жүйелер: сезім мүшелер (талдағыштар) гигиенасы
Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анлизаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. вицералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық талдағыштар 3 бөліменен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни қыртысындағы езім орталықтары, сезім аймақтары деп те атайды.
Көру талдағышы. Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан.
Көз алмасы - күрделі құрлысты мүше. Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз аласының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат - пигмент болады. Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецепторлар деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы шыны тәрізді денесі - негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабағы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустың нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.
Қосымша құрлымдарға қас, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады.
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.
Көз және көру заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Заттың ұсақ бөлшектерін көру қабілетін көздің өткірлігі дейді. Заттың бейнесі сары даққа түскенде ол өте анық көрінеді, ал сары дақтан торлы қабықтың шетіне қарай жылжыған сайын бұл қабілет азаяды. Ол адамның жасына, жағдайына байланысты, мысалы, нәрестенің көзінің өткірлігі - 0,004-0,02,3 айда - 0,05-01,1 жаста -0,3-0,6, 4-5 жаста - 0,7-1,0, 10-15 жаста - 1,0 шартты бірлік өлшеміне тең.
Адам қос көзбен көру, яғни бинокулярлық қабілеті бар организмге жатады. Қос көзбен көру арқылы қоршаған ортаның заттарын, оның тереңдігін, қашықтығын, пішінін дұрыс анықтай алады.
Балалардың көз алмасының көлденең диаметрі ұзарғанда немесе жарық сәулелерін сындыру қабілеті күшейгенде жақыннан көру қабілеті пайда болады. Ондай адам тек жақын жердегі заттың бейнесін анық көріп, көзден алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді.
Көру гигиенасының талаптары:
кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см;
баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықтықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болғанда).
Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау,
6-7 жаста - 10 минөт,
7-10 жаста - 15 минөт,
10-12 жаста - 20 минөт,
12-15 жаста - 25 минөт,
5-18 жаста 30 минөт, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып, отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн.
Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүру, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау т.б.
Көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану т.б. гигиеналық талаптарды сақтау, организмді шаршатпауға тырысу керек.
Шартты рефлекстің жасалу негізі неде?
A) Шартты байланыстардың болуы
B) Суммация
C) Доминанта
D) Қозу мен тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі
E) Биоэлектрлік процестердің пайда болуы
*****
Динамикалық стереотип дегеніміз не?
A) Өмір сүру барысында пайда болған жүйе
B) Шартты-рефлекторлық және шартсыз-рефлекторлық актылардың жүйелі мақсаты
C) Шартты тітіркендіргіштер комплексі
D) Қозу мен тежелу жүйелерінен пайда болған шартты байланыстардың комплексі
E) Сыртқы тітіркендіргіштер комплексінің қатаң жүйелі әсерінен шартты рефлекстердің тұрақты жүйесінің жасалуы
*****
Болмыстың екі сигналды жүйесі туралы ілімді жасаған кім?
A) Сеченов
B) Введенский
C) Павлов
D) Анохин
E) Ухтомский
*****
Павлов бойынша ЖНӘ-ң қандай типтерін атауға болады?
A) Күшті, әлсіз, орташа
B) Күшті, ұстамсыз: күшті, ұстамды, ширақ; күшті, ұстамды инертті; әлсіз
C) Ұстамсыз, ширақ, лабильді, әлсіз
D) Ұстамсыз, инертті, ширақ, әлсіз
E) Әлсіз ұстамсыз, ұстамды, меланхоликтау
*****
Доминанта жөніндегі ілімді жасаған кім?
A) Павлов
B) Сеченов
C) Шеррингтон
D) Дюбуа-Реймон
E) Ухтомский
*****

ТАҚЫРЫБЫ 5: Ішкі секрециялық бездер жүйесінің физиологиясы
Ішкі секрециялық бездер жүйесі - синтездеп бөлетін өнімі (секреті) тікелей қанға шығарылатын, қанмен бүкіл денеге тарап, зат алмасу үрдісіне, ішкі ағзалардың қызметіне, адам организмінің күллі тіршілігіне ықпалын тигізетін мүшелер жүйесі.
ІСБ: Гипофиз, Эпифиз, Гипоталамустың нейросекреторлық ядролары. Қалқанша безі, Қалқансерік бездері, Тимус (айырлы без), Бүйрек үсті бездері, Ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары, Жыныс бездері.
Гормондар - ІСБ-дің өнімдері, өте белсенді химиялық заттар, жүйке жүйесімен бірлесе отырып организмнің өсуін, дамуын, физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, ағзалардың қызметтін реттеуге қатысады.
Ортақ қасиеттері:
- өте белсенді, тым аз мөлшерде де әсер ете алады;
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде
екінші бездің гормоны оның қызметін атқара
алмайды;
- ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Гипофиз- бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын ойығында орналасқан, салмағы туылғанда 10-15 мг, 10 жаста - 30 мг, ересектерде - 60 мг. Гипофиздің гипоталамуспен тығыз байланысы бар, араларын 100 мыңдай жүйке талшықтары байланыстырады. 3 бөліктен тұрады: алдыңғы және ортаңғы (аденогипофиз) және артқы (нейрогипофиз). Аденогипофизде 22 гормон түзіледі, ішіндегі аса маңыздылары: соматотропин (СТГ), адренокортикотропин (АКТГ) - бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондарының синтезделуіне әсер етеді; тиреотропин (ТТГ) - қалқанша безінің қызметіне әсер етеді және гонадотропиндер(лютеиндеуші, лютеотроптық, фолликустимулдеуші) - бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың синтезделуіне әсер етеді; ортаңғы бөлігінде - меланотропин (МТГ) - терінің түсін, терідегі пигментті клеткаларға әсер ету арқылы реттейді. Нейрогипофиздің гормондары: 1. Вазопрессин (антидиурездік гормон - АДГ) - су мен минералдық заттардың алмасуына әсер етеді, қанның артериялық қысымын жоғарылатады.Қанда АДГ мөлшері азайғанда қант диабеті ауруы пайда болып, тәулігіне 10-20 литрге шейін зәр бөлінеді. 2. Окситоцин әйелдің жатырының жиырылуын қамтамасыз етіп, босанғанда баланың сыртқа итерілуіне әсер етеді.
Қалқанша безі - көмейдің алдында орналасқан, туылғанда салмағы 1 г, жиырма жаста 20 есе артады.Гормондары: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин.Организмдегі зат және энергия алмасуын үдетеді, ұрықтың дамуында, баланың өсуінде, денелік дамуы мен психикасының қалыптасуында маңызы зор. Жетіспеушілігі - кретинизм (баланың бойының өсуі мен жыныстық жетілуі баяулайды, кем ақыл болады).Йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады, пайда болған ауру эндемиялық зоб деп атайды. Бездің гиперсекрециясы байқалса Базед ауруы немесе тиреотоксикоз дамиды.
Бүйрек үсті бездері - қос мүше, оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, жалпы салмағы 15-20 г. Сыртқы қабаты - қыртысты зат, ішкі қабаты милы заттан тұрады. Қыртысты қабатта түзілетін гормондар: глюкокортикоидтар,минералкортикоидт ар, андростерон, эстролжәнепрогестерон.Милы қабатының гормондары: адреналинжәненорадреналин.
Ұйқы безі - қарынның артында, он екі елі ішектің жанында орналасқан, аралас без. Қызметі нашарлап, бұзылса - қант диабеті ауруы дамиды (қанда глюкоза мөлшері жоғарылап, бала шөлдей береді, полиурия, арықтап, азады, диабетикалық кома).
Жынысбездері - қос секрециялы бездер:
1. сыртқы секрециялық без ретінде әйелдерде - аналық клетка, ерлерде аталық клеткалар - сперматозоидтар өніп дамиды.
2. ішкі секрециялық без ретінде жыныс гормондары түзіледі.
Ерлердің жыныс гормондары: тестостерон, андростерон.
Аналық бездер гормондары - эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) мен прогрестерон.
Эпифиз - ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Гормондары - меланин, гломерулокортикотропин және контригипоталамус - гипофизаралық гормондар. Қызметтері:организмнің биоритмдерін реттеуге қатысады, организмнің жарық өзгерістеріне бейімделуіне қатысады, гормондар синтезделуінің ритмдік ауысуына әсер етеді.
Қалқаншасерік бездері- қалқанша бездің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді, саны - 4 (2 жоғары және 2 төменгі).Бұл без паратгормон синтезделеді. Паратгормон кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Паратгормонның жеткіліксіз болуы сіңірдің тартылуын, сіреспе (тетания) тудырады.
Эндокриндік жүйе дегеніміз не?
A) Ферменттерді жасаушы бездер
B) Витаминдерді жасаушы бездер
C) Гормондар жасаушы бездер
D) Сыртқы секреция мүшелер
E) Ішкі мүшелер
*****
Қандай негізгі ішкі секреция бездерін білесіздер?
A) Бауыр, ұйқы безі, гипофиз, қалқанша без, сілекей безі, тимус
B) Гипофиз, қалқанша без, айыршық, ұйқы, бүйрек үсті, эпифиз
C) Эпифиз, гипофиз, қалқанша, тимус, ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері
D) Гипофиз, эпифиз, қарын, бүйрек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Жүйке жүйесі.Жұлынның құрылысы
Мидың бөлімдері Жүйке жүйесінің вегатативтік бөлігі
Нейронның құрылысы қызметі
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Пәндер