Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Т.Т. Ипалаков

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ

Дәрістер жиынтығы және тәжірибелік жұмыстарды орындау бойынша
әдістемелік нұсқаулар

Өскемен
2009 жыл

УДК 006.015.9

Т.Т. Ипалаков. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Әдістемелік нұсқаулар
Т.Т. Ипалаков ШҚМТУ.-Өскемен, 2009 – 25 бет. Тау-кен-металлургиялық
факультеті, Геодезия, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы.

Курс бір семестрде оқылады және барлық мамандандыру үшін барлық
магистранттар үшін жалпы болып табылады.
Аптаға арналған курстың көлемі – 1 сағат дәріс, 1 сағат іс-тәжірибелік
дәрістер, МӨЖ – 4 сағат, МОӨЖ – 2 сағат.
Бақылау нысаны. Жеке тапсырмаларды әрбір магистранттардың орындауы.
Курс реферат жазумен және емтиханмен аяқталады.
Аңдатпа
Бірінші бөлім логика мен диалектика заңдарын зерттеуді және оларды
зерттеулерде қолдануын қоса отырып, таным үдерісінің теорияларын және
әдістемесін қарастыруға арналған.Екінші бөлім тікелей ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуге, зерттеу эксперименттерінің әдістері мәселелеріне және
танымдық тапсырмаларды шешуге арналған.Үшінші бөлім ғылыми-зерттеу
жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру және жоспарлау, нәтижелерін өңдеуге және ұсыну
мәселелеріне арналған.

ТКМ Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген.

2009 жылғы № хаттама

( Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ баспасы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1 Қажетті теориялық мәліметтер 4
1.1 Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау 5
1.2 Ғылыми бағыт 6
1.3 Ғылыми-техникалық зерттеулердің сатысы 9
1.4 Ғылыми зерттеулерді кадрмен қамтамасыз ету 16
1.5 Іскерлік қатынасхаттар 19
1.6 Іскерлік кеңестерді ұйымдастыру 19
2 Іс-тәжірибелік дәрістер 20
3 Магистранттардың оқытушымен өздік жұмысы 21
4 Магистранттардың өздік жұмысы 22
5 Ғылыми зерттеулер негізі пәні бойынша емтихан сұрақтары 23
Әдебиеттер тізімі 24

КІРІСПЕ

Ғылыми зерттеулер негіздері пәні Таңдау бойынша курстар пәні
цикліне жатады, магистранттардың бакалавр аясында арнайы пәндерді оқу
кезінде алынған білімдеріне, технологиялық үдерістерді жүргізудің,
технологиялық үдерістерді басқару жүйесінің жалпы қағидаларына және т.б.
негізделеді.
Пәнді оқудың мақсаты – магистранттарға ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
және жүргізудің заманауи теориялары, методологиялары және әдістері
саласында теориялық білімдер мен іс-тәжірибелік дағдыларын беру.
Пәнді оқудың міндеті – магистранттардың жаңа білімдерді алудың
шығармашылық тәсілдері мен әдістерін тануы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізу, эксперименттерді жасау және олардың қорытындысын көрсету, Ғылыми
зерттеулердің негіздері пәнінен алынған білімдерін таңдаған мамандығына
сәйкес ары қарай қызмет барысында қалай қолданатылатынын көрсету.
Студент білуі тиіс: болашақтағы кәсіби қызметі саласындағы ғылым мен
техниканың заманауи жетістіктерін. Зерттеу қызметінде қолданылатын негізгі
терминдер мен түсініктерді, ғылыми танымның методологиялық негіздерін,
жіктемесін, эксперименттің түрлері мен тапсырмаларын, іздеудің әдістері мен
тәсілдерін, ғылыми ақпараттарды жинақтау мен өңдеуді, ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеуді. Ғылыми-зерттеу зертханаларында жұмыс
жасаған кезде техника қауіпсіздігі ережесін. Ұсынылатын туындыға ұсынысты
рәсімдеудің талаптарын.
Студент істей білуі тиіс: Таңдалған мамандыққа сәйкес өнімді өндірудің
заманауи технологияларына бағытталуы. Ғылыми зерттеулердің бағытын таңдауы,
мақсаттары мен міндеттерін қоюы, оларды шешудің жолдары мен сатыларын
белгілеуі. Эксперименталды зерттеулердің сұлбасын құрастыру. Ғылыми-зерттеу
зертханалар жағдайында эспериментті ұйымдастыру мен өткізу. Эксперименттің
нәтижесін талдауды және өңдеуді жүргізу. Эксперименттің нәтижелерін мәтін,
кестелер, диаграммалар және т.б. түрінде рәсімдеу. Ғылыми-зерттеулердің
нәтижелерін енгізудің тиімділігінің экономикалық бағасын жасау.

1 ҚАЖЕТТІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

Заманауи сатыдағы ғылыми шығармашылық. Ғылыми білімнің дамуының
ерекшеліктері. Теориялық бастамалардың мәселелері. Логиканың, философияның,
сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарының теориялары мен әдістерінің байланысы.
Жер туралы ғылымдарда В.И. Вернадскийдің жалпы концепциясының дамуы.
Аталған ережелер нақты мамандықтың тарапынан қарастырылады.

1. Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау

Ғылыми зерттеудің мақсаты – объектіні, үдерісті немесе құбылысты жан-
жақты, шынайы зерттеу; ғылымда әзірленген танымның қағидалары мен әдістері
негізінде олардың құрылымдарын, байланыстарын және қатынастарын; сондай-ақ
адамға пайдалы нәтижелерді алу және өндіріске (тәжірибеге) енгізу.
Кез-келген ғылыми зерттеудің өз объектісі мен пәні болады. Ғылыми
зерттеудің объектісі болып материалды немесе идея жүйесі табылады. Пәні –
бұл жүйенің құрылымы, жүйенің ішіндегі және сыртындағы элементтерінің өзара
іс-әрекетінің заңдылықтары, дамуының заңдылықтары, әртүрлі қасиеттері,
сапасы және т.б.

1. Ғылыми зерттеулер жіктеледі:
1 қоғамдық өндіріспен байланыс түрлері және халықтық шаруашылық үшін
маңыздылық дәрежесі бойынша;
1. нысаналы мақсаты бойынша;
2. қаржыландыру көздері бойынша;
3. зерттеулерді жүргізудің ұзақтығы бойынша;
Қоғамдық өндіріспен байланыс түрлері бойынша ғылыми зерттеулер
бөлінеді:
- жаңа технологиялық үдерістерді, машиналарды, конструкцияларды жасауға
бағытталған жұмыстар;
- өндірістің тиімділігін арттыру;
- адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту және с.с.
Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми зерттеулердің үш түрін бөліп
көрсетеді:
Іргелі;
Қолданбалы;
Зерттеме.
Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа құбылыстары мен заңдарын ашуға және
зерттеуге, зерттеудің жаңа қағидаларын жасауға бағытталған.
Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімін кеңейту, адамның өмірлік
қызметінде қолданылатын нарселерді белгілеу болып табылады.
Бұндай зерттеулер белгілі мен белгісіздіктің шекарасында жүргізіледі,
көбіне айқынсыздыққа ие болады.
Қолданбалы зерттеулер адамдық қызметтердің бар құралдары мен
тәсілдерін жетілдіруге және жаңаларын жасау үшін табиғаттың заңдарын
пайдаланудың тәсілдерін табуға бағытталған.
Мақсаты – іргелі зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми білімдерді
адамдардың іс-тәжірибелік қызметінде қалай қолдануды белгілеу болып
табылады. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсініктер негізінде
техникалық түсініктер қалыптасады.
Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде:
- іздестіру жұмыстары;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ);
- сынақ -құрастыру жұмыстары (СҚЖ) болып бөлінеді.
Іздестіру зерттеулері объектіге әсер ететін факторларды белгілеуге,
фундаменталды зерттеулер нәтижесінде ұсынылған тәсілдердің негізінде жаңа
технологиялар мен техникаларды құрастырудың жолдарын іздеуге бағытталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа технологиялар,
тәжірибелік қондырғылар, құралдыр және с.ұ. жасалады.
Сынақ-құрастыру жұмыстарының мақсаты конструкцияның логикалық негізін
анықтайтын конструктивтік сипаттарын таңдау болып табылады.
Зерттемелер
Іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-
техникалық ақпараттар қалыптасады, осы ақпаратты өндірісте игеру үшін
жарамды қалыпқа айналдыруға бағытталмаған үдеріс негізінен разработка деп
аталады. Ол жаңа техниканы, материалдарды, технологияларды жасауға немесе
қолданыстағыны жетілдіруге бағытталған. Зерттеменің соңғы мақсаты
қолданбалы зерттеулердің материалдарын қолданысқа енгізу үшін дайындау
болып табылады.
1.1.2 Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер бөлінеді:
- мемлекеттік бюджеттен;
- шаруашылық келісім-шартпен;
- қаржыландырылмайтын.
Мемлекеттік бюджеттік ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттің
қаржысынан қаржыландырады. Шаруашылық келісім-шарттық зерттеулер тапсырыс
беруші ұйымдармен шаруашылық келісім-шарттар негізінде қаржыландырылады.
Бұндай ұйымдар өндірістік, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары болуы мүмкін.

1.2 Ғылыми бағыт

Әрбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын белгілі бір бағытқа жатқызуға болады.
Ғылыми бағыт – зерттеулер жүргізілетін ғылым немесе ғылымдар
жиынтығы.
Осыған орай, техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-техникалық,
тарихи және соған орай бағыттарды бөліп көрсетеді. Техникалық бағытқа
техникалық термодинамика саласындағы зерттеулерді жатқызуға болады;
биологиялық бағытқа – биохимия немесе гендік инженерия және т.б.
Сондықтан да, ғылыми бағыттардың негізі болып қандай да бір ғылыми
салаға кіретін арнайы ғылым немесе арнайы ғылымдардың қатары табылады,
сондай-ақ зерттеудің арнайы әдістері және техникалық қондырғылар (газ-
құбырқұрылымдары және т.б.)

1.2.1 Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері болып:
- кешенді проблемалар;
- проблемалар;
- тақырыптар;
- ғылыми сұрақтар табылады.
Кешенді проблемалар бірдей мақсатпен біріктірілген проблемалардың
жиынтығын білдіреді.
Проблема бұл – қоғамда шешімі табуы қажет күрделі теориялық және
тәжірибелік тапсырмалардың жиынтығы.
Әлеуметтік-психологиялық тараптан – проблема білімге деген қоғамдық
қажеттіліктің арасындағы және оны алудың белгілі жолдарының, білім мен
білімсіздіктің арасындағы қарама-қайшылықтардың көрінісі. Проблема адамдық
тәжирибе мақсатқа жетер жолда қиыншылыққа тап болған кезде пайда болады.
Проблема жаһандық, ұлттық, аймақтық, салалық, салааралық болады, яғни
пайда болатын тапсырмалардың масштабына байланысты.
Мысалы, табиғатты қорғау проблемасы жаһандық болып табылады, себебі
оны шешу жалпы адамзаттық қажеттіліктерді шешуге арналған. Жоғарыда
санамалағандардан басқа, жалпы және бір саладағы проблемаларды да бөліп
көрсетеді. Жалпыға, жалпы ғылыми, жалпы халықтық және соған ұқсастары
жатады.
Бір саладағы проблемалар қандай да бір өнеркәсіптің белгілі
өндірістеріне тиесілі болады. Мысалы, автокөлік өнеркәсібінде бұндай
проблемалар болып жанар-жағармайдың үнемдеуі және жағармайдың жаңа түрлерін
жасау және т.б.
Ғылыми зерттеулердің тақырыбы проблеманың құрамдас бөлігі болып
табылады.
Тақырыбы бойынша зерттеулерді жүргізудің нәтижесінде проблеманың бір
бөлігін қамтитын нақты ғылыми сұрақтарға жауап алынады. Жауаптардың
нәтижелерін жинақтау ғылыми проблеманың шешімін беруі мүмкін.
Ғылыми сұрақтар – ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына арналған ұсақ
ғылыми тапсырмалар.
Ғылыми зерттеудің тақырыбын, бағытын және ғылыми сұрақтарды қою өте
жауапты тапсырма болып табылады.
Өзекті бағыттар және зерттеулердің кешенді проблемалары мемлекеттік
директивті құжаттардан құралады.

1.2.2 Зерттеулердің бағыты негізінен зерттеуші жұмыс жасайтын ғылыми
мекеменің мамандануына, ғылымның саласына қалай алдын ала анықталады.
Сондықтан да әрбір жеке зерттеушіге ғылыми бағытты таңдау ол жұмыс жасағысы
келетін ғылымның саласын таңдауға келеді.
Зерттеудің бағытын нақтылау өндірістік сұраныстардың жағдайын, осы
уақыт аралығында қандай да бір бағыттағы зерттеулердің жағдайын және
қоғамдық қажеттілктерді зерттеудің нәтижесі болып табылады.

Жағдайларды және өткізілген зерттеулердің нәтижесін зерттеу кезінде
өндірістік тапсырыстарды шешу үшін бірнеше ғылыми бағыттарды пайдаланудың
кешенді идеялары қалыптасуы мүмкін.
Бұл ретте атап өтерлігі, кешенді зерттеулерді жүргізу үшін жағымды
жағдай жоғарғы мектепте, оның университеттері мен политехникалық
институттарында болады, себебі оларда ғылым мен техниканың әртүрлі
саласындағы оқыту ғылыми мектептерінің болуы.
Зерттеудің таңдалынған бағыты негізінен ғылыми қызеткердің немесе
ғылыми ұжымның стратегиясы болады, кей жағдайда ұзақ мерзімге.
Ғылыми зертетудің тақырыбын және проблеманы таңдау кезінде бастапқы да
зерттелетін бағыттағы қарама-қайшылықтарды талдау негізінде проблеманың өзі
қалыптасады және жалпы сипаттағы күтілетін нәтижелер анықталады, содан
кейін проблеманың құрылымы әзірленеді, тақырыптар, сұрақтар, орындаушылар
айқындалады, олардың өзектілігі белгіленеді.
Бұл ретте ғылыми проблемалардан жалған проблемаларды айыра білу қажет.
Жалған проблемалардың көпшілігі ғылыми қызметкерлердің қажетті түрдегі
ақпаратты білмеуімен байланысты, осыған орай кейде мақсаты бұрынға
нәтижелерді алу болатын проблемалар пайда болады. Бұлар ғалымдардың еңбегін
және қаржыны жөнсіз жұмсауға әкеліп соғады. Осымен бірге кейде өте жоғары
өзекті проблеманы шешу үшін оның шешілуіне әртүрлі ғылыми ұжымдарды конкурс
негізінде тарту арқылы оны қайталауға тура келетінін айта кету керек.
Проблеманы негіздегеннен кейін және оның құрылымын белгілегеннен кейін
ғылыми зерттеулердің тақырыбы анықталады, оның әрқайсысы өзекті болуы
қажет (маңызды, тездетіліп шешуді қажет ететін), ғылыми жаңалығы болуы
керек, яғни ғылымға үлес қосу керек, халықтық шаруашылыққа экономикалық
тиімді болуы керек. Сондықтан да тақырыптың таңдауы арнайы техника-
экономикалық есептерге негізделуі қажет. Теориялық зерттеулерді әзірлеу
кезінде үнемділік теориясы кейде отандық ғылымның беделін анықтайтын
маңыздылығымен алмастырылады.
Әрбір ғылыми ұжым (ЖОО, ҒЗИ, бөлім, кафедра) қалыптасқан дәстүр
бойынша өзінің ғылыми саласы, жіктемесі, құзыреттілігі болады, бұл
зерттеулердің тәжірибесінің жинақталуына, туындылардың теориялық деңгейінің
артуына, сапасы мен экономикалық тиімділігіне, зерттеулерді орындаудың
мерзімінің қысқартылуына әсерін тигізеді. Сонымен бірге ғылымда монополияны
жасауға болмайды, бұл идеялардың бәскелесін болдырмайды және ғылыми
зерттеулердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Тақырыптың маңызды сипаты болып алынған нәтижелерді өндіріске тездетіп
енгізу мүмкіндігі саналады. Ең маңыздысы болып нәтижелерді тек қана
тапсырыс беруші өндірісте емес ауқымды бір салада енгізу болып табылады.
Енгізуді тоқтатып қойса немесе бір ғана өндіріске енгізсе тиімділігі
бірталай төмендейді.
Тақырыпты таңдауға осы немесе ұқсас мамандықтар бойынша отандық және
шетелдік әдебиет көздерімен дұрыстап танысу керек. Ғылыми дәстүрі бар және
кешенді проблеманы шешетін ғылыми ұжымда тақырыпты таңдау әдісі бірталай
жеңілдетіледі.
Ғылыми зерттеулерді ұжыммен жүргізген кезде сын, пікір-талас,
проблеманы және тақырыптарды сөз ету үлкен рөл атқарады. Пікір-талас
кезінде әртүрлі маңыздағы және көлемдегі әлі де шешілмеген өзекті
тапсырмалар айқындалады. Бұл жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмыстарында
әртүрлі курстардың студенттерінің қатысуына жағымды жағдай жасайды. Бірінші
сатыда оқытушыларға студенттерге тақырып бойынша бір-екі рефераттарды
дайындатуы, олармен консультацияларды жүргізіп, нақты тапсырмаларды
анықтағаны мақсатты. Қолданбалы тақырыптарды таңдау үшін тапсырыс берушінің
(министерство, бірлестіктер және т.б.) тапсырманы тура беруі үлкен маңызға
ие.
Бұл ретте ғылыми жұмыстар кезінде тапсырыс берушінің талабы бойынша
өндірісте қалыптасқан жағдайға сәйкес тақырыпта кейбір өзгерістер болуы
мүмкін.

1.3 Ғылыми-техникалық зерттеулердің сатысы

Ғылыми-техникалық зерттеулерді жүргізу үшін бастапқы міндетті құжат
болып зерттеулердің мақсатын, мазмұнын, жұмыстардың ретін, сондай-ақ
нәтижелерін іске асырудың күтілетін әдістерін анықтайтын техникалық
тапсырыс табылады. Техникалық тапсырыс ғылыми болжамның, білімнің осы және
ұқсас саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың алдыңғы
қатарлы жетістіктерін талдау арқылы жасалады.
Ғылыми-техникалық зерттеулердің келесідей негізгі сатыларын бөліп
көрсетуге болады: ақпараттық іздестіру және зерттеудің әдісін құрастыру;
алдын ала зерттеуді жасау; зерттеудің экспериментті бөлігін дайындау және
өткізу; эксперименттің мәліметтерін өңдеу; нәтижелерін талдау және
біріктіру; нәтижелерін рәсімдеу; аяқталған шығарманы өнеркәсіпке енгізу.
Ғылыми-техникалық зерттеулердің құрылымы аталған сатылардың әртүрлі
комбинацияларымен анықталады. Соңғылары уақытпен жабылуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда кейбір сатылары болмауы мүмкін. Мысалы, бұрын шығарылған
гипотезаларды эксперимент арқылы тексерген кезде бірінші сатының болуы
міндетті емес.
Аталған сатылардың ұзақтығы кең көлемде өзгеруі мүмкін. Негізінен,
тәжірибелі қондырғыны жобалау және дайындау бойынша жұмыстар қысқа уақыт
аралығында орындалуы мүмкін, егер де тәжірибені дайын қондырғыда жүргізетін
болса. Екінші жағынан, төртінші сатының нәтижесі бойынша бастапқы гипотеза
біршама түзетуге ұшыраса, тәжірибелік қондырғыны қайтадан өзгертуге тура
келеді және жаңа тәжірибелерді өткізу қажет, бұл зерттеулердің ұзақтығын
арттырады. Іздеу зерттеуінде өзгертілген нұсқада барлық зерттеулерді
қайталауға қажеттілік туындайды. Бұндай қайталауларды барлық одан келіп
шығатын нәтижелерімен бірге жаңа зерттеу ретінде қарастыру керек.
Ғылыми-техникалық сатылардың мазмұнына толығырақ тоқтала кетейік.

1.3.1 Ақпараттық іздестіру және зерттеулердің әдісін құрастыру

Бірінші сатыда осы класстың тапсырмаларын шешудің жағдайы мен тәсіліне
қатысты ақпараттарды жинау жүзеге асырылады. Ғылыми мақалалар, есептер,
рефераттар, аннотациялар, патенттер және т.б. түріндегі ақпарат көздері
зерттелетін аумақтың мәселелерінің жағдайы туралы рефератты дайындау үшін
жан-жақты талдауға түседі. Талдаудың нәтижесін картотека түрінде
рәсімдеген ыңғайлы. Бұл үшін төменде көрсетілген картотеканың үш түрі
болғаны дұрыс:
- кітапханалық картотекаға ұқсас, ақпараттық көздердің картотекасы;
- рефераттар мен аннотациялардың картотекасы;
- конспектілер картотекасы.
Картотекалардың аталған түрлерін жасау бір уақытта өткізілетін іс-
шаралар емес. Ақпарат көздері бойынша жұмыстар бүкіл тақырыппен жүргізілген
жұмыс уақытында жүргізіледі. Параллельді және ұқсас жүргізілетін жұмыстар
ерекше назарды талап етеді.
Картотекалар сұрақтардың жағдайы туралы рефераттарды дайындау кезінде
бастапқы болып табылады. Рефераттың сапасы мен толықтығын көп жағдайда
тақырыптың таңдалуы, оның мазмұны мен зерттеулердің көлемі анықтайды.
Рефераттың көлемі 15 беттен аспауы тиіс (ірі зерттеулер үшін 25 бет).
Негізінен рефераттың мазмұны мен қорытындысына тоқталайық. Кез-келген
зерттеудің басы – күмәндану. Ол негізінен интуитивті немесе теория мен
практиканың арасында қарама-қайшылықтар туындаған кезде пайда болады.
Сондықтан да реферат жазған кезде ақпарат көзінің авторымен қаьылданған
бастапқы сілтемелер мен жағдайларды талдайды. Ол үшін зерттеу объектісінде
өткізілетін негізгі құбылыстарды қарастырады, жіберілген қателіктер мен
шектеулерді талдайды, әдебиетке жасалған сілтемелерді тексереді. Ары қарай
автормен қабылданған модельді зерттейді, модельдің және зерттелетін
объектінің күмәнсіздігінің сатысын анықтайды, соңғы формулаларды және
жұмыстың қорытындысын талдайды.
Қорытындыны тексеру кезінде алынған заңдылықтар дұрыс болатын аумақты
айқындау үшін соңғы мәндерді алған ыңғайлы. Эксперимент бөлігін қарастырған
кезде қандай жағдайда сынақ жүргізілгенін, қандай өлшеу аппараты қолданылды
және нәтижелері қалай өңделді сол анықталады. Ақпарат көзі авторының
қорытындысы зерттеушінің қалауын фактілерден алыстата отырып талдайды.
Содан кейін әртүрлі авторлардың қорытындысын салыстырады. Рефераттың
қорытындысында сенімді фактілердің негізінде сұрақтың жағдайын талқылайды,
содан кейін зерттеудің мақсатын көрсетеді. Мақсаты айқын және нақты жазылуы
тиіс. Мысалы, қандай да бір аппараттың жұмысының тиімділгін арттыру деген
түрде баяндауға болмайды, себебі осы мақсаттың не арқылы жүзеге асатыны
түсініксіз.
Зерттеудің мақсаты егерде қандай да бір нәрсені алудың тәсілін шығару
немесе қандай да бір жабдықты жасау болса, міндетті саты болып патенттік
зерттеулер табылады. Патенттік жұмыстар біздің еліміздің ғылыми-техникалық
салада шетелдік елдермен байланысын кеңейтуіне байланысты өте жоғарғы мәнге
ие болуда.
Келесі саты болып зерттеудің алдын ала жоспарын жасау табылады, ол
оның өте жоғарғы тиімділікте өте үнемді әдіспен жүргізуге әсерін тигізеді.
Зерттеудің табыстылығын айқындайтын факторларға алдымен кадрлар жатады.
Барлық сатылар үшін жетекшілер, орындаушылар және кеңесшілер анықталуы
мүмкін. Сондай-ақ зерттеудің техникалық құралдары да нақтылануы қажет.
Осыған орай келесідей сұрақтарға жауап берілуі қажет, зерттеуді қайда
жүргізу жоспарланған, қандай өлшеу құралдары қажет, эксперименттердің
нәтижелерін өңдеу үшін қандай есептеу техникасы қажет, материалды-
техникалық қамтамасыз ету қалай жүргізіледі және т.б.
Жоспарды жасаған кезде зерттеудің әрбір сатысының орындалу ұзақтығын
бағалау қажет болады. Бұны желілік графигін жасау арқылы орындаған ыңғайлы.
Онда келесідей мәліметтерді көрсеткен дұрыс: не істеу қажет, кім және
қандай құралдардың көмегімен орындайды, нақты операцияны жасау үшін қанша
уақыт қажет, жұмыстың орындалуы қалай бақыланады. Операциялық-уақыттық
график барлық сатылар арасындағы байланыстарымен бірге зерттеудің құрылымын
анықтайды, жекелеген жұмыстардың орындалуы және олардың үйлестірілуі туралы
көрнекті мәліметтер береді. Зерттеу жүргізілетін уақыт аз болса және
негізделген жоспарлау үшін бастапқы ақпарат мол болса, жоспар шынайы және
егжей-тегжейлі болып шығады.
Ақырында, жоспарда әрбір сатыны орындауға кететін шығын және
қаржыландырудың көздері анықталуы қажет. Барлық төрт факторларды есепке
алғаннан кейін көзделген көлемде және уақытта жұмыстардың орындалуы туралы
қорытынды жасалады. Рефератта баяндалған және алдын ала жоспарлауда алынған
нәтижелер әдістеме түрінде рәсімделеді. Онда зерттеуді жүргізу әдістері
(теориялық және империкалық зерттеулер қатынасы) анықталады, эксперимент
қондырғысының және өлшейтін аппаратураның сипаттамасы беріледі, эксперимент
бөлігінің көлемі және эксперименттің нәтижелерін өңдеудің әдістері
белгіленеді. Әдістеме эксперименттің жүргізілуі, өлшенетін өлшемдер,
диапозондар олардың өзгеруі, шектеулер және т.б. туралы нақты мәліметтерден
тұруы қажет. Зерттеулерді орындау кезінде әдістеменің кейбір бөлімдері
жекелеген нәтижелер мен нақты жағдайларға байланысты толықтырылуы және
нақтылануы мүмкін екенін айта кеткен жөн.

1.3.2 Зерттеуді алдын ала жасау

Ғылыми-техникалық зерттеулер қолданбалы ғылымға жататындықтан, бұл
сатыда ең алдымен зерттелетін үдерістер мен құбылыстар бағынатын
фундаменталды заңдылықтар анықталады. Бұл сатыда алдын ала гипотеза
негізделеді және қалыптасады, сондай-ақ оның қорытындыларды, қатынастарды,
формулаларды ала отырып ақпараттық және логико-математикалық дамуы жүзеге
асырылады.
Үдерістің немесе жабдықтың ақпараттық моделін тұрғызған кезде зерттеу
объектісінің сипаттамаларның арасындағы себепті-салдарлық байланыстары
белгіленеді.
Математикалық аппаратты таңдағаннан және негіздегеннен кейін
ақпараттық модель математикалық тілге аударылады. Бұл ретте зерттеу
объектісінің параметрлері мен сипаттамалары қандай мөлшерде алынғаны
бағаланады; жеңілдетулермен пайда болған қателіктердің бағалануы
жүргізіледі; есептеу техникасының құралдары қашан пайдаланылатыны
анықталады. Математикалық модельді талдаған кезде нақты қорытындыларды,
есептеу сипаттамалары алу үшін гипотетикалық-дедуктивтік әдістерді
қолданады.
Егерде зерттеу объектісі күрделі болса және онда жүргізілетін
үдерістердің математикалық моделін алуға мүмкіндік болмаса, негізгі назарды
эмпирикалық зерттеуді жүргізудің тәсілдеріне аудару қажет, үдерістің
ақпараттық моделін зерттелетін құбылыстың физикалық табиғатына тым жақын
ретінде өте жоғары шекті қолдана отырып.
Жұмыс моделін талдау нәтижесінде объектінің қызмет етуіне әртүрлі
факторлардың әсер етуін анықтау қажет, эксперимент жолы арқылы зерттелетін
нақты үдерістер мен сипаттарды анықтау қажет.
Саты жобаның құрастырылуы жүргізілетін эксперименттік қондырғының
жобалануына техникалық тапсырманы берумен аяқталады.

1.3.3 Зерттеудің экспериметтік бөлігін дайындау және өткізу

Алдымен эксперимент жасайтын қондырғының жобасы жүзеге асырылады, яғни
қондырғы дайындалады және орнатылады. Одан кейін қажетті өлшеу аппаратымен
жабдықталады. Бұл ретте өлшеу жағдайы, өлшенетін шамалардың тізбесі,
аспаптарды орнату орны және олардың сипаттамалары (қателігі, тез әрекет
етуі және т.б.) зерттеудің әдістемесіне сәйкес келуі тиіс.
Өнеркәсіптік жағдайларында жергілікті жерде экспериментті өткізен
жағдайда келесілерді ескеру қажет: өнеркәсіптік өлшемдерге тиесілі
қиыншылықтар мен шектеулерді ескеру қажет; кедергілердің әсерін бағалау;
өлшеудің техникалық құралдарының ерекшеліктерін.
Үдерістің немесе жабдықтың математикалық моделі зерттеудің объектісі
болып табылатын эксперименттің ерекше түрін бөліп көрсету қажет.
Зерттелетін үдеріске деген математикалық модельдің күмәнсіздігі зерттеуді
алдын ала құрастыру сатысында дәлелденгені есепке алынады. Егер де қандай
да бір себептердің салдарынан осы модельді қарапайым әдістермен талдау
қиынға соғатын болса, онда оның әртүрлі жұмыс жағдайында объектінің
қызметін анықтауға мүмкіндік беретін есептеу техникасының құралдарын
пайдалану тиімді болады. Бұл жерде зерттеудің эксперименттік бөлігін
дайындау есептеу алгоритмін және есептеу бағдарламасын құрастыруға, содан
кейін оны машинаға енгізуге негізделген.
Эксперименттік жабдықты орнатумен бір уақытта эксперименттің нақты
жоспары рәсімделеді, онда қандай өлшемдер эксперимент кезінде тұрақты мәнге
ие болуы керек, қайсылары өзгереді сол көрсетіледі. Үзіліс аралығындағы
өзгерістердің диапозаны белгіленеді. Сонымен қатар, қандай өлшемдерді
қандай жағдайда жасау керек, өлшемдердің реттілігі қандай және т.б.
Саты эксперименттік зерттеулердің хаттамасы түрінде эксперименттің
нәтижелерін рәсімдеумен аяқталады. Егер де эксперимент үдерісі кезінде
әдістемеде қарастырылған жағдайдан қандай да бір ауытқушылықтар болса,
хаттамада міндетті түрде көрсетіледі.

1.3.4 Мәліметтерді өңдеу, анализ жасау және нәтижесін қорыту
эксперементі

Кез-келген эксперименте алыңған мәліметтер өңделіп нәтижелері
таблица, график, статистикалық баға формуласымен, және де ауызша баяндама
түрінде ұсынылуы тиіс.
График көмегімен көрнекі түрде эксперимент нәтижесінің Y біріншіден
бірден (Х1) - мен немесе ауыспалы (Х1,Х2) екіншіге екіден тәуелділігін
көрсетуге болады. Соңғы жағдайда отбасылық қисық құрастыру қажет Х2 =
const болғанда Y= F (XI) немесе изометриялық координаталарды қолдану
керек. Егер эксперимент нәтижесінде ауыспалалық көп санына тәуелді болса,
онда аналитикалық тәуелділік ұсыныс түрін қолдану керек (формула).
Статистикалық баға барлық жиынтық мәліметтерін және бұл жиынтықтардың жеке
элементтерінің құбылмалдылығы жайында ақпарат беруі мүмкін, және де
олардың себеп-салдарының ара қатынасын. Бұл бағалар оқиғаның пайда болу
ықтималдылығын табуға көмектеседі (мысалы, қателіктердің нақты мағынасын)
алдағы болашақта өткен тәжірбиеге негізделе отырып. Ауызша түрде ғана
айтылған эксперимент нәтижесі тиімсіз әдіс. Бірақ бастапқы зерттеу
кезеңдерінде әсіресе кен іздеу жұмыстарында бұндай нәтижеде ұсынылған
нысандар түрі өте кең тараған.
Эксперимент нәтижесі өңделгеннен кейін тексеру жүргізіледі (қажетті
жағдайда) және алдыңғы гипотезаға тексеріледі. Одан кейін эксперементтік
бөліммен және бастапқы зерттеу әзірлемесі нәтижелер арасында олардың
бағалануы және бір-бірінен айырмашылығы түсіндіріледі.
Кезең тұжырымдамалық жаңа деректер және заңдар, теориялық және
практикалық қорытындылар, түсіндірмелік және ғылыми болжаммен аяқталады.

1.3.5 Зерттеу нәтижесін рәсімдеу

Ғылыми-техникалық зерттеу жүргізу нәтижесінде алыңған мәлімет, өңделіп
жүйелендіріліп және есепке алынуы тиіс. Оған келесідей жалпы талаптар
қойылған: нақты құрылым, жүйелі мәліметтердің логикалық баяндамасы;
тұжырымдаманың қысқа және нақтылылығы, біріңғай субъективті және бірнеше
түсініктеме беруге мүмкіндік беру; баяндалған жұмыстардың нақты нәтижесі;
дәлелді қорытынды және ұсыныс негіздемесі. Ғылыми-техникалық зерттеу
барысында алынбаған мәліметтерді есепке қосу міндетті емес (басқа жерден
алыңған мәлімет).
Әдетте келесідей есептік құрылым қолданылады.
1 Титул парағы
2 Орындаушылар тізімі.
3 Реферат.
4 Мазмұны (мазмұны)
5 Шартты белгілер, бірлік және атау тізімдері.
6 Кіріспе.
7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері
Алынған нәтижелерді бағалау
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Ғылыми жұмыста мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдаудағы қателіктер
Ғылыми зерттеудің тақырыбын және бағытын таңдау
Ғылыми зерттеудің әдістемесі
Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Пәндер