Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы

Қ.А. Мамаділ

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы диплом жұмысын орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулық

Астана, 2016
Кіріспе

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесінде (ҚР МЖМБС 5.03.005 -2009) көрсетілгендей (4т.4.1т.), диплом жұмысы жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында білім алушылар оқудың соңғы аяқтау кезеңінде орындайды. Демек, диплом жұмысы студенттің маманданып жатқан саласы бойынша оқу-зерттеу жұмысының шегін білдіреді. Бұған дейін студент мамандыққа байланысты пәндерден теориялық-практикалық білім алу барысында, курстық, семестрлік жұмыстарды орындауда, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда және оның нәтижелері бойынша тіл үйірмесінде, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, талқылауларға қатысуда ғылыми зерттеулер жүргізуге, өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғауға дағдыланады, оның әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондықтан диплом жұмысы оның бұған дейін ғылыми жетекшінің бағыттауымен жүргізген зерттеу жұмыстарының заңды жалғасы болуы да мүмкін. Ережеге сәйкес, диплом жұмысын орындатудағы мақсат: студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлық жағдайындағы өзбеттілік жұмысқа дайындығын анықтау. Студент диплом жұмысын ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындайды. Осы талаптар қазақ тілінен диплом жұмысын орындауда да ескеріледі. Нұсқаулық қазақ тіліне қатысты әзірленіп отырғанымен, оның жалпы талаптарын қазақ әдебиетінен диплом жұмысын дайындауда да пайдалануға болады.

І. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ

І.1. Диплом жұмысының тақырыбы бойынша талаптар: Тақырып таңдау, дайындық жұмысы, әдебиеттер жинау мен оны тізімге түсіру, зерттеу проблемасы жөніндегі ғылыми еңбектерді, мақалаларды оқу, тілдік деректерді жинау мен жүйеге келтіру, мәтін жазу, оны жөне ашық қорғаудың нәтижелерін рәсімдеу.
I.2. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары маман даярлап шығарушы кафедрада белгіленіп, институт әдістемелік кеңесіне ұсынылады. Тақырыптар көкейкестілігімен ерекшеленуге тиіс, сондай-ақ қазіргі мектеп бағдарламаларымен, лингвистикалық ғылымның даму преспективаларымен ұштасып жатуы керек. Дипломдық жұмыстың тақырыбы кең түрдегі жоспары жиналған тілдік материалдарға талдау жасау мен оларды ерекшеліктеріне қарай жүйеленуде анықталады. Тақырып тізімі оқу жылының басында студенттерге ұсынылады. Тақырып таңдау студенттің еркіне беріледі.
I.3. Дипломдық жұмыстың дұрыс орындалуы студенттің жоғары теориялық дайындығы мен аналитикалық бейімділігіне, тақырыпты зерттеуге деген ынталығына байланысты болады. Егер тақырып мәселесі бұрыннан айналысып жүрген зерттеу жұмысымен сабақтасып жататын болса, онда студент дипломдық жұмыстың сипатын біледі, теориялық дайындығы күмән тудырмайды.
I.4. Таңдалынған тақырып студенттің жеке өтінішімен кафедрада қаралып, кафедраның ұсынуы бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі. Өтініште дипломдық жұмыстың тықырыбы, орындаушы мен ғылыми жетекшінің аты-жөні көрсетіледі.
Алдын ала кеңес беруде ғылыми жетекші бітіруші студентке жұмыстың мақсаты мен міндеті, материалдың сипаты мен көлемін, оның көздерін түсіндіреді, мәселе жөніндегі жалпы әдебиеттердің тізімін ұсынады. Жұмыстың орындалу кезеңдері мен бітіру мерзімін белгілейді.
I.5. Ғылыми жетекшіден тапсырма алған соң студент алдын ала жоспарды жасайды. Бұл оның жұмыстың жалпы сипаты мен бағыт-бағдарын аңғаруына мүмкіндік береді.
I.6. Тақырыпты терең игеру үшін студентке ең алдымен лингвисткаға немесе әдебиетке байланысты энциклопедиялық еңбектер ұсынылады. Бұл зерттеудің әдістанымдық негіздерін дұрыс тануға ықпал етеді.
I.7. Деректемелік материалдарды сипаттау үшін ғылыми болжам жасалады. Ғылыми болжам бағдарланушы ғылыми идея. Ғылыми болжам ғылыми ізденіске бағыт береді, материалдың көлемі мен сипатын, оны талдау мен жазудың әдістерін анықтауға, тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеуге ықпал етеді. Ғылыми болжам арқылы дипломдық жұмыстың негізгі мәселелеріне жорамалды жауап та беріледі. Ғылыми болжам зерттеу нысанының табиғатын жан-жақты ашуға мүмкіндік жасайды. Мәселен, зерттеліп отырған тілдік құбылыстың лингвистикаға белгісіз қырлары анықталуы ықтимал.
I.8. Дипломдық жұмысты дайындауда библиографиялық сілтемелерді дұрыс жасай білудің де маңызы зор. Өйткені алған мәлімет көздеріне сілтеме жасау ғылыми дәлдік пен әдепті танытады. Сілтеменің қалыптасқан дәстүрлі үш түрі бар: ішкі мәтіндік, жолма-жол, мәтіннен тыс. Ішкі мәтіндік сілтеме мәтін ішінде беріледі, жолма жол сілтеме парақтың төменгі жағында көрсетілсе, мәтіннен тыс сілтеме жұмыстың соңынан беріледі.
Ішкі мәтіндік сілтеме маңызы зор мәліметтер көздеріне жасалады. Мұндай сілтеме сөйлем құрылысына кіреді. Автордың аты-жөні мен басқа да деректер көрсетіледі .
Мысалы: Қазақ тілі білімінде грамматика теориясының негіздері туралы ғылыми тұжырымдар К.Ахановтың 1996 жылы Алматыдағы Санат баспасынан шыққан Грамматика теориясының негіздері атты оқу құралында беріледі.
Сілтеменің бір бөлігі ғана сөйлем құрылысына кірсе, қалған мәліметтер сөйлемнің сонында жақша ішінде көрсетіледі.
Мысалы: сөздерді таптастыру принциптері жөнінде К.Аханов өзінің Грамматика теориясының негіздері деген еңбегінде айтқан болатын. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы: Санат, 1996. 158 б.
Егер сілтеме сөйлем құрылысына кірмесе, онда библиографиялық жазу ережесіне сәйкес сөйлемнің соңына жақша ішінде көрсетіледі.
Мысалы: морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі (Аханов К). Граматика теориясының негіздері. Алматы: Санат, 1996. 20 б.
Жолма жол сілтеменің нөмірі дәйек сөздің, немесе ішінде, автордың аты-жөні бар сөйлемнің, мағына ыңғайына қарай, ортасына немесе соңына қойылады. Сол нөмір және сілтеменің толық мәліметі парақтың төменгі жағында көрсетіледі.
Мәтіннен тыс сілтеме пайдаланылған әдебиеттер саны көп болғанда қолданылады. Мұндайда сөйлем соңындағы жақша ішінде еңбектің әдебиетердің тізіміндегі реттік нөмірі қойылып, үтірден соң алынған бет саны көрсетіледі.
Мысалы: Көмекші немесе аффикстік морфемалардың бірі - инфикс (І.31 )
Әдебиеттер тізімінде нөмірі жоқ болса, сілтемеде автордың аты-жөні мен еңбектің шыққан жылы көрсетіледі.
Мысалы: Форма тудырушы жұрнақтардың ... (Аханов К., 1996)
Мысалы: Мұндай пікірді көптеген ғалымдар қолдайды (К.Аханов, 1996; Н.Оралбаева, 1975; С.Исаев, 1998 жылы т.б.).
Бір еңбекке бірнеше рет жолма жол сілтеме жасалғанда, автор және басқа мәліметтер толық формада қайталанып берілмейді.
Сілтеме жасау тәртібі төменгідей:
І. Сонда - 18 б.
ІІ. Сонда - 21 б. Т.б
I.9. Дерек көздерін жүйелеуде белгілі бір тәртіп болуы керек. Мәліметтің тым үлкен көлемде болуы, бір жағынан, уақытты кедергі келтіреді, екіншіден, тақырыптың бағдарын өзгерту мүмкін, үшіншіден, мақсатқа сай толық пайданылмай қалуы ықтимал. Мұндайды болдырмау үшін, тақырыптың мақсаты мен міндетіне үнемі назар аударып отырған дұрыс.
I.10. негізгі дерек көздерімен жұмыс істеуде төменгідей жазылым түрлерін пайдаланған жөн:
а) Тезис - автордың оқыған материалы туралы қысқаша ой - пікірі;
ә) Көшірме - сөзбе сөз алынған дәйек сөз немесе жекеленген парақтардағы мәліметтер және дерек көздері көрсетілген карточкалар;
б) Конспект - оқылған материалдың көлемі тезистен үлкенірек қысқаша мазмұны.
І.11. Тілдік материалды (мысалды) жинау жан-жақты, терең теориялық білімді керек етеді. Мәселен, күрделі етістіктерді басқа тілдік құбылыстардың ішінен іріктеп алу үшін, оның өзіндік айырым-белгілерін, өзіне ұқсас тілдік құбылыстардан ерекшелігін жақсы болу шарт. Теориялық білімнің кемшілігі зертеу нысанын дәл тануға кері әсер етеді.
І.12. Диплом жұмысының мазмұн жүйесі нақты материалдарды жүйелеуден туындайды. Әрбір тараудың тақырыптары мен тақырыпшалары да соған байланысты анықталады.
Мысалы: І тарау. М.Жұмабаев шығармаларындағы сөзжасамдық құбылыс.
І..І. Синтетикалық тәсілімен жасалған ТТЗ;
І.І.а. Екі морфемалы ТТЗ;
І.І.ә. Үш морфемалы ТТЗ;
Демек, тақырып пен тақырыпшаларды санмен белгілеудің де өз тәртібі болады. Мысалы: І.І.І; І.І.а.,І.І.ә.;ІІ, ІІ. 2; II. 2. a;
І. 13. Дипломдық жұмыстың дәстүрлі құрылымы: алғы бет (титульный лист ), кіріспе, зерттеу бөлімдері ( І - 2 - 3тарау), қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша (егер қажет болса), мазмұны. Кіріспе мен қорытынды жұмыстың 15 - тен 14 - ке дейінгі бөлігін қамту керек. Мәселен, жұмыстың жалпы көлемі 50 бет болса, зерттеу бөлімі шамамен 36-40 бет болу керек.

ІІ. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МӘТІНІН ЖАЗУ

II.1. Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі. Мұнда дипломшы жинаған деректеме материалдарын жүйелей отырып, өз зерттеуінің нәтижесін тілдік норма деңгейінде баяндайды. Баяндаудың шығармашылық қыры қажетті ақпараттарды тауып, зертеу нысананың табиғатын ашуға дұрыс қолдана білу болып табылады. Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерге мәтіндер мазмұндық жағынан бірімен - бірі тығыз байланысып жатуы тиіс.
ІІ.2. Кіріспе бөлімде зертеу тақрыбының ғылыми - теориялық және практикалық маңызы, оның өзектілігі, мақаты мен міндеттері, дерек көздері, зертеу әдіснамасы, зертеу деңгейі немесе теориялық негіздері анықталады. Диплом жұмысының құрылымы көрсетіледі. Кіріспе бөлімнің мәтіні қысқы және дәйек сөзсіз болуға тиіс.
ІІ.3. Талдауға алдын ала құрылған жоспар бағытқа алынады. Жиналған тілдік деректер ерекшеліктеріне қарай жіктеліп, оның түрлі тілдік қырлары нақтыланды. Дәлелдеме материалдар жасалған тұжырым-түйіндердің дұрыстығына көз жеткізу үшін қолданылады. Дипломшы зерттеу нысаны жөніндегі өзіне дейінгі тілтанушылардың пікірлерімен келіспегендігін нақты тілдік материалдармен, өзі дұрыс деп есептеген ғылыми тұжырымдармен дәлелдеуі керек.
ІІ.4. Диплом жұмысының бөлімдері қойылған мақсат пен міндеттер шегінде толық аяқталуға және қорытындылауға тиіс. Қорытынды дәлелдеме деректерсіз қысқа әрі тұжырым түрінде жасалады.
ІІ.5. Бөлімдерде жасалған қысқаша қорындылар негізінде Қорытынды бөлімнің мәтіні жазылады.
ІІ.6. Диплом жұмысының қолжазба мәтіні толық аяқталған соң, ғылыми жетекшінің тексеруіне беріліп, оның берген ескертпелері түзетіліп, таза параққа көшіріліп, компьютерлік терілуге тапсырылады.
ІІІ. Диплом жұмысының құрылымы
ІІІ.1. Диплом жұмысының бөлімдері мынадай ретпен орналастырады:
* алғы бет
* аннотация
* кіріспе
* зерттеу бөлімдері
* библиографиялық тізімі (әдебиеттер тізімі )
* қосымшалар (егер бар болса)
* мазмұны (жұмыстың басында да теруге болады)
Беттері Алғы беттен бастап нөмірленеді.
ІY. ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ
IY.1. Толық ресімделген диплом жұмысына дипломшы қолын қойып, мемлекеттік емтихан расталғанға дейін үш аптадан кешіктірмей ғылыми жетекшісіне тапсырылады. Ғылыми жетекші оны тексеріп, он күннің ішінде жазбаша пікірін дайындап, диплом жұмысымен бірге кафедра меңгерушісіне тапсырады. Диплом жұмысы талапқа сай орындалса, кафедра меңгерушісі қорғауға рұқсат береді. Белгіленген мерзімде дайын болмаған диплом жұмысы қорғауға жіберілмейді.
Диплом жұмысына сыртқы пікірді басқа жоо-ларда немесе ғылыми саласында істейтін оқытушылар және ғылыми дәресі мен атағы бар тұлғалар береді. Пікір берушілердің құрамын кафедра меңгерушісінің ұсынуымен жоо-ның ғылыми әдістемелік кеңесі бекітеді.
IY.2. Дипломшы ғылыми жетекші мен пікір берушінің пікірлерін ескере отырып, МАК мәжілісінде сөйлейтін сөзінің қысқаша нұсқасын әзірлейді. Ол 7 бет көлемінде, 10-15 минутқа лайықталып жасалуы тиіс. Онда диплом жұмысы тақырыбының таңдалу себебі, мақсаты мен міндеттері, тұжырым түріндегі қорытындысы қысқаша баяндалған дұрыс.
Оны оқып беруге де, ауызша айтып баяндауға да болады. Алдын ала әзірленген кестелер, схемалар, суреттемелі материалдар дипломшының зерттеу нәтижесін жүйелі, нақты және дәлелді түрде жеткізуге көп көмегін тигізеді.
IY.3. Диплом жұмысын қорғау қолданыстағы Ережеге сәйкес және МАК-тың ашық мәжілісінде жұргізіледі. Қорғаудың реті:
* Ғылыми жетекшінің пікірі және диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы ұсынысы оқылады;
* Зерттеудің негізгі мазмұнын баяндау үшін сөз дипломшыға беріледі;
* МАК мүшелері және қорғауға қатысушылар жұмыстың мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
* Дипломшы берілген сұрақтарға бірдей немесе дайындалып жауап бере алады. Мүмкіндігінше, берілген сұрақтарды жазып алғаны дұрыс;
* Дипломшыдан кейін сөз пікір берушіге (рецензентке) беріледі. Оның МАК мәжілісіне қатысуы міндетті емес. Сондықтан ол болмаған жағдайда пікірлемені МАК төрағысы немесе мүшелерінің бірі оқиды;
* Бұдан соң дипломшы сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасады.
Дипломшы диплом жұмысында өз көзқарасын, ой пікірін қорғайды. Сондықтан ескертпелердің барлығымен келісе беру щарт емес, қайта өзінің зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде қорғап қалғаны жөн.
Қорғаудың нәтижелері МАК-тың жабық мәжілісінде талқыланады. Мұндайда ескерілуге тиіс:
* жұмыстың жалпы орындалу деңгейі;
* нәтижелік деңгейі;
* дипломшының теориялық даярлығы;
* дипломшының практикалық даярлығы;
* жұмысты қорғау және баяндау шеберлігі;
* жұмыстың ресімделу деңгейі.

Қосымша 1
Диплом жұмысын қорғауға қажетті құжаттар

1. Студенттің диплом жұмысын орындауға рұқсат беру туралы кафедра меңгерушісінің атына жазылған өтініші.
2. Кафедра меңгерушісінің диплом жұмысының тақырыбын бекіту туралы. Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасының атына жазған ұсынымы.
3. Ғылыми-әдістемелік Кеңес мәжілісінің рұқсат ету жөніндегі шешімінің көшірмесі.
4. Ғылыми жетекшінің диплом жұмысын орындауға берген әдістемелік нұсқаулығы мен тапсырмалары.
5. Диплом жұмысын орындаудың жеке жұмыс жоспарлары (дипломшы мен ғылыми жетекшінің қолы қойылған)
6. Пікірлемешілерді бекіту туралы кафедра ұсынымы және ҒӘК шешімі.
7. Диплом жұмыс туралы пікірлеме.
8. Ғылыми жетекшінің пікірі.

І. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1.1 ҚР 2007ж.27.07. №389-1 Білім туралы Заңы;
1.2 ҚР 2004ж.9 қарашадағы №603-ІІ Техникалық көрсету Заңына;
1.3 ҚР Үкіметінің 2005ж. 2 наурыздағы №195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің, білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;
1.4 ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы, 13.05.2016ж. өзгерістер мен толықтырулары бар, №292);
1.5 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006ж. 7қыркүйектегі №481 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттетациядан өткізу ережелері;
1.6 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007ж. 22 қарашасындағы №566 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Диплом жұмысының мақсаты ғылыми-практикалық зерттеу жұмысын орындату арқылы бакалавр академиялық дәрежесін беру болып табылады.
2.2 Диплом жұмысын жазу барысында бітіруші студент төмендегі мәселелерді негізге алу керек:
:: басты тілек - шығарманың идеясы мен эстетикалық күшін, мазмұны мен сиқырлы сұлулығын органикалық бірлікте, ажырамас тұтастықта талдау. Тақырыпқа байланысты көрсетілген зерттеулер, оқулықтар, сын-мақалалар тек бағыт мегзер, ой қозғар көмекші құрал ретінде қолданылады. Негізінен тақырыпты әр студент өз бетімен зерттеп, өзі байқағанын, өзі түйген ойларын ортаға салу керек.
:: жұмыстың логикалық байланысы, ішкі жинақтылығы, тұтастығы сақталуы шарт.
:: диплом жұмысының мәнерлі, көрікті тілмен жазылуы - басты міндет. Студенттің мақсаты - көркем талдауға, зерттеуге ұмтылу.

3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1 Диплом жұмысының тақырыбы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу міндеттеріне сәйкес болуы. Тақырыптың нақтылығы - ол оның ғылымилығы, өзектілігі және студенттерді өзіндік шығармашылық жұмыс істеуге бағыттағаны. Әр тақырыптың ғылыми жаңалығы және практикалық мәні болу қажет.
3.2 Диплом жұмысы ірі проблеманы зерттеуге арналады да, өз бетімен ғылыми еңбекпен шұғылдануда, алғашқы тәжірибе, дағды алуға, көркем құбылысты талдаудағы әдіс-тәсілдерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастыруға дағдыландыру
Білім саласындағы мәтіндердің тілдік ерекшеліктері
Электронды ақпарат құралдары
Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оңытудың әдістемесі
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын қалыптастыру
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Пәндер